Ақтөбеде су басқан ауылдың тұрғындарын тікұшақпен көшіріп жатыр


Ойыл ауданы Қаратал ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Әзірге 27 адам аудан орталығына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ойылдың Қаратал (Ш.Берсиев) ауылының тұрғындары аудан орталығындағы эвакуациялық пунктілерге орналастырылып жатыр.

Актобе 3
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пунктретінде ұйымдастырылған. Бұл орындарға осы ауыл тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.

Актобе 1
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Сондай-ақ, дәрігерлік көмек қажет болса аудандық аурухананың барлық қызметкерлері әзір. Медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер бар. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реаниматолог, хирург, педиатрларымен бірге, № 2 Ақтөбе қалалық емхананың бас психологы да эвакуациялық пунктке барды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше кешкілік тұрғындар жарығы, жылуы, суы жоқ мектеп қалғанын хабарлап, көмек сұрады. Кейін үш тікұшақ жіберу жөнінде шешім қабылданды.

Другие новости